5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникации

Инженерлік-техникалық факультетЭнергетика және радиоэлектроника кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры

Кәсіби қызмет өрісі: электрондық құралдар көмегімен ақпаратты түрлендіруге, қашықтықтан ақпараты алмасу үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің әдістері мен тәсілдері, құралдары және технологиялар жиынтығын қамтитын ғылым мен техника аясы.

Кәсіби қызмет объектілері: технологиялық жүйелер, техникалық құралдарды пайдаланатын кәсіпорындар, кешендер, мекемелер, білім беру ұйымдары және т.б. нысандар, мұнда сым, радио, оптикалық байланыс арқылы дыбыстарды, бейнелерді, жазбаша мәтінді, сигналдарды, таңбаларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақпаратты электрондық құралдар көмегімен түрлендіреді немесе төмендегідей басқа да жүйелерді жүзеге асырады:

  • байланыс желілері мен коммутация жүйелері;
  • көпарналы телекоммуникациялық жүйелер, оптикалық ауқымдағы жүйелерді қоса алғанда;
  • радиобайланыс жүйелері мен құрылғылары, жерсеріктік, радиорелейлік және ұялы байланыс жүйелерін қоса;
  • дыбыстық және теледидар хабарлары, электр акустикасы және сөйлеу информатикасының, мультимедиялық техниканың жүйелері мен құрылғылары;
  • электрондық, оның ішінде нысандарды компьютерлік басқару, жүйелері, ақпаратты түрлендіру;
  • телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдары;
  • телекоммуникациялық жүйелер мен тораптарды метрологиялық қамтамасыз ету құралдары;
  • телеокоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг;
  • телекоммуникациялық құрылғыларды эксплуатациялық пен сервистік қызмет көрсетуді басқару.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • өндірістік-технологиялық;
  • қызмет көрсету-эксплуатациялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • монтаждау-баптау;
  • есептік-жобалау;
  • эксперименталды-зерттеу.

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • өндірістік-технологиялық;:
    • радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық құралдарын дайындауда тиімді технологияларды жасау және енгізу;
    • материалдардың сапасын тексеруден өткізуді, технологиялық процестердің өндірістік бақылауын, дайын бұйымдардың сапасын тексеруді тиімді өткізу және ұйымдастыру;
    • технологиялық процестердің параметрлерін таңдау және есептеу бағдарламасы мен алгоритмдерін, материалдарды, жабдықтарды тиімді пайдалану;
    • дайындау мен жөндеу кезінде радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын стандарттау және сертификаттау.
  • қызмет көрсету-эксплуатациялық:
    • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерін, олардың техникалық, ақпараттық, математикалық және бағдарламалық қызметін пайдалану;
    • радиотехника, электроника және телекоммуникацияның техникалық жабдықтарын алдын ала тексеруден өткізу, жөндеу, баптау және қондырғыларын сынақтан өткізу.
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық:
    • кішігірім ұжым қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыра білу, адамдардың әр түрлі пікірлерін ескере отырып, тиімді шешімдерге қол жеткізу;
    • қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жоспарлар құрарда және тиімді шешімдерді анықтағанда, әр түрлі талаптар (бағасы, сапасы, қауіпсіздігі және орындау мерзімдері) арасында бір келісім таба білу;
    • бұйымдардың қажетті сапасын қамтамасыз етудегі өндірістік және өндірістік емес шығындарды бағалау.
  • монтаждау-баптау:
    • шығарылатын өнім сапасының көрсеткішін өлшеуді жүзеге асыратын негізгі құралдарды метрологиялық тексеруден өткізу;
    • радиотехника, электроника және телекомуникация техникалық жабдықтарын монтаждау және баптау.
  • есептік-жобалау:
    • берілген критерий мен шектеулер негізінде жобалаудың мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру;
    • мәселені шешудің жалпылама түрлерін дайындау, бұл түрлерге талдау жасау, нәтижесін болжау, көп сынау туындаған жағдайда шешім табу;
    • энергетикалық, технологиялық, конструкторлық, пайдалану, эргономикалық және экономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің жобаларын жасау, құрастыру, үлгілеу;
    • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің деңгейін бағалау және тексеру үшін талдау мен бақылаудың қажетті әдістері мен жабдықтарын пайдалана отырып, аналитикалық және тәжірибелік жұмыстарды, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
    • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің математикалық және физикалық үлгілерін құрастыру;
    • тәжірибелік жұмыстар үшін нәтижелерді математикалық өңдеу әдістемелерін қолдану.
  • эксперименталды-зерттеу:
    • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің деңгейін бағалау және тексеру үшін талдау мен бақылаудың қажетті әдістері мен жабдықтарын пайдалана отырып, аналитикалық және тәжірибелік жұмыстарды, зерттеу жұмыстарын жүргізу;
    • радиотехника, электроника және телекоммуникация жүйелерінің математикалық және физикалық үлгілерін құрастыру;
    • тәжірибелік жұмыстар үшін нәтижелерді математикалық өңдеу әдістемелерін қолдану

5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.