5В071800 Электр энергетикасы

Инженерлік-техникалық факультетЭнергетика және радиоэлектроника кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В071800 «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.

Кәсіби қызмет өрісі: электр энергиясын бөлу мен пайдалану, тарату, өндіру үшін жағдай жасауға бағытталған адам қызметінің әдістері мен тәсілдері, құралдары және технологиялар жиынтығын қамтитын ғылым мен техника саласы.

Кәсіби қызмет объектілері:

  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • қызмет көрсету-эксплуатациялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • монтаждау-баптау;
  • есептік-жобалау.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • есептік-жобалау;
  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • қызмет көрсету-эксплуатациялық;
  • монтаждау-баптау;

Кәсіби қызмет мазмұны:

  • электр энергетикасы жүйелерінде қолданылатын техникалық жағдайлардың, стандарттардың, техникалық сипаттамалардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • электр энергетикасы кәсіпорындарын жобалаумен байланысты техникалық тапсырмаларды, ұсыныстарды және басқа құжаттарды сараптамалық бағалау;
  • әр түрлі пікірлерді ескере отырып, ұйымдастырушылық шешімдерге қатысу;
  • бекітілген әдістемелерге сәйкес тақырыптың жекелеген бөлімдері (кезеңдері, тапсырмалары) бойынша ғылыми зерттеулер, тәжірибелер жүргізуге қатысу.

5В071800 «Электр энергетикасы» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.