6M060900 География

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті → География және экология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: "География" мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: басқарушылық, ғылыми-зерттеу, өндірістік, бақылау-сараптамалық, әкімшілік, білімдік.

Кәсіби қызметінің нысандары: табиғи, антропогенді, табиғи-шаруашылық, экологиялық-экономикалық, өндірістік, әлеуметтік, қоғамдық, территориялық жүйелер және жаһандық, ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі құрылымдар, сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлау және тәртіптеу, территориялық жоспарлау, түрлі территориялық деңгейде жобалау және болжау, барлық шаруашылық қызмет үлгілерін географиялық сараптау, экологиялық аудит; демографиялық үдерістер, барлық территориялық деңгейде тұрақты даму бағдарламалары, миграциялық және этномәдени үдерістер; табиғи және мәдени мұра объектілері; әкімдіктер, департаменттер және басқармалар; мектептер мен жоғары оқу орындары; тұрғындарға білім беру, ағарту және денсаулығын қадағалау, ҒӨК. 

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалық және өндірістік қызмет;
  • сараптамалық-аналитикалық және бақылау-ревизиялық қызмет;
  • әкімшілік;
  • педагогикалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу қызметі (жалпы, физикалық және әлеуметтік-экономикалық география саласындағы ғылыми зерттеулердің мәселелерін, міндеттерін және әдістерін қалыптастыру; экспедициялық бақылау, деректердің ғылыми талдауы негізінде жаңа анық фактілер алу; ғылыми еңбектерге реферат жасау, әлемдік ғылым мен өндірістік қызметте жиналған мәліметтерге аналитикалық шолу жасау; ғылымда ертеде жиналған білім беру нәтижелерін жалпылау;  зерттеулердің көрнекі және түпнұсқалық нәтижелері негізінде қорытынды мен тәжірибелік ұсынымдар қалыптастыру; салалық, аймақтық, ұлттық және жаһандық мәселелерге кешенді географиялық зерттеулер жүргізу, оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу; табиғи және әлеуметтік-экономикалық кешендердің жағдайын, тұрақтылығын және даму болжамын бағалау; қоршаған ортаға әсерін бағалау, табиғатты қорғау және қоғам мен табиғаттың өзара байланысу жүйесінің мәселелерін айқындау және диагностика жүргізу, тұрақты дамумен байланысты эколого-географиялық мәселелерді шешу; табиғи жағдайлар мен ресурстарды рационалды пайдаланудың жеке және жалпы мәселелерін талдау, табиғатты пайдалануды басқару; тұрғын және шаруашылық құрылымын, қоғам өмірін ұйымдастыру формаларфн қалыптастыру заңдылықтарын талдау, түрлі деңгейдегі территориялық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің, қоғамның территориялық ұйымдастырылуының дамуын, өндірістік күштердің орналасуын кешенді талдау және болжау);
  • жобалық және өндірістік қызмет (табиғи ортаны сақтау бойынша тәжірибелік ұстанымдар әзірлеу, үлгілік табиғатты қорғау іс-шараларын жобалау; кешенді және салалық географиялық болжау; тұрақты дамумен байланысты географиялық мәселелерді шешу; аумақтың табиғи-ресурстық әлеуетін айқындау және оны шаруашылықта жарату мүмкіндіктерін бағалау; қалалар мен аудандарда шаруашылық қызметін эколого-экономикалық оңтайландыру, экологиялық қауіп-қатерлерді азайту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу; елдердің, аймақтардың, қалалардың кешенді аймақтық әлеуметтік-экономикалық диагностикасы; аумақтардың территориялық әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің дамуын талдау және болжам жасау, аймақтық әлеуметтік-экономикалық даму бойынша концептуалды және тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу; территориялық жоспарлау, қала құрылысын және ландшафт жоспарлау; аймақтарда, жеке орналастыру жүйелерінде және қалаларда әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық қызметті жоспарлау; кешенді амйқтық мониторинг ұйымдастыру және өткізу; барлық территориялық деңгейде мақсатылы тұрақты даму бағдарламаларын әзірлеу; әлеуметтік-экономикалық (демографиялық, миграциялық, этномәдени және туристік-рекреациялық үдерістер мониторингісі; туристік-рекреациялық жүйелерді жобалау, туристік және экскурсиялық бағыттар әзірлеу; тұрғындардың өмір сапасы, туризм және туристік-рекреациялық қызмет бойынша стандарттар мен көрсеткіштер әзірлеу;
  • сараптамалық-аналитикалық және бақылау-ревизиялық қызмет (аумақтар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жобаларының, өндірістік қызметтің бизнес-жоспарларының кешенді географиялық сараптамасы; аймақтық басқарушылық шешімдер әзірлеу және қабылдау кезіндегі эколого-экономикалық сараптама; нормативтік-құқықтық актілердің географиялық сараптамасы; шаруашылық жобалардың экологиялық сараптамасы; аймақтық экономико-географиялық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық аудит; бақылау-ревизиялық қызмет; әкімшілік қызмет; бөлім, сектор, жұмыс тобы қызметіне басшылық ету; қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәртібін анықтау және міндеттерді нақтылау; тапсырмалар беру және олардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау; жұмысты орындау барысындағы кемшіліктерді анықтау және оларды уақытылы жою шараларын қолдану; жұмыс тәртібін сақтау және белгілі құзырет шеңберінде кадрларды іріктеу; өндірістік немесе ғылыми тапсырманы орындау нәтижелері бойынша қорытынды құжаттар дайындау);
  • әкімшілік қызмет (облыстық және аудандық әкімдіктердің бөлімдерінің, экология департаменттерінің, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды үлестіру басқармаларының, НПО және т.б. қызметтеріне басшылық ету);
  • педагогикалық қызмет (мектептерде және жоғары оқу орындарында педагогикалық жұмыс; географиялық білімді жоспарлау бойынша оқу-әдістемелік қызмет; географиялық білім мазмұны бойынша оқытушыларға консультация беру).

Учебные результаты 6М060900 География