6M060800 Экология

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультеті → География және экология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: "Экология" мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: басқарушылық, ғылыми-зерттеу, білім беру, табиғи орта сапасы мен тұрғындардың денсаулығын бақылау, өндірістік, әкімшілік.

Кәсіби қызметінің нысандары: табиғи, антропогенді, табиғи-шаруашылық, экологиялық-экономикалық, өндірістік, әлеуметтік, қоғамдық, территориялық жүйелер және жаһандық, ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлердегі құрылымдар, сондай-ақ, барлық шаруашылық қызмет үлгілерінің экологиялық құрамдас бөліктерін мемлекеттік жоспарлау, бақылау, мониторинг, сараптау; тұрғындарға білім беру, ағартушылық қызметі және денсаулығы, демографиялық үдерістер, барлық деңгейдегі тұрақты даму бағдарламалары; әкімдіктер, департаменттер және басқармалар; мектептер мен жоғары оқу орындары; ҒӨК.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалық-өндірістік;
  • сараптамалық-аналитикалық;
  • бақылау-ревизиялық және сараптамалық;
  • әкімшілік-өндірістік;
  • әкімшілік;
  • педагогикалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу қызметі (ғылыми зерттеу мәселелерін, міндеттері мен әдістерін анықтау; бақылау, тәжірибелеу, эмпирикалық деректерді ғылыми талдау негізінде жаңа ақпарат алу; ғылыми еңбектерге реферат жасау, әлемдік ғылыммен өндірістік қызметте жиналған мәліметтерге аналитикалық шолу жасау; ғылымда ертеде жиналған білім беру нәтижелерін жалпылау;  зерттеулердің көрнекі және түпнұсқалық нәтижелері негізінде қорытынды мен тәжірибелік ұсынымдар қалыптастыру; салалық, аймақтық, ұлттық және жаһандық экологиялық мәселелерге кешенді зерттеулер жүргізу, оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу; табиғи кешендердің жағдайын, тұрақтылығын және даму болжамын бағалау; тқолда бар статистикалық есептік деректер бойынша аймақтың негізгі демографиялық үрдістерін және тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау);
  • жобалық-өндірістік қызмет (үлгілік табиғатты қорғау іс-шараларын жобалау; қоршаған ортаға жоспарланған имараттар немесе өзге де шаруашылық қызмет үлгілерінің әсер етуіне бағалау жүргізу; табиғи жағдайлар мен ресурстарды пайдаланудың жеке және жалпы мәселелерін талдау, табиғатты пайдалануды басқару; табиғатты қорғау мәселелерін айқындау және диагностика жасау, табиғи ортаны қорғау бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу; өндіріс және қолдану қалдықтарын басқару);
  • сараптамалық-аналитикалық және бақылау-ревизиялық және сараптамалық қызмет (жобалық ғимараттың алуан түрлеріне экологиялық сараптама жүргізу; табиғи ортаны қорғау бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу; бақылау-ревизиялық қызмет, экологиялық аудит);
  • әкімшілік-өндірістік қызмет (бөлім, сектор, жұмыс тобы қызметіне басшылық ету; қойылған мақсаттарға қол жеткізу және міндеттерді нақтылау тәртібін анықтау; тапсырмалар бөлу және олардың уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау; жұмысты орындау барысында кемшіліктерді анықтау және оларды жоюға уақытылы шаралар қолдану; жұмыс тәртібін сақтау және белгілі бір құзырет шеңберінде кадрлар іріктеу; өндірістік немесе ғылыми тапсырманы орындау нәтижесі бойынша қорытынды құжаттар дайындау; кәсіпорындар мен өндірістердің қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін әзірлеу);
  • әкімшілік қызмет (облыстық және аудандық әкімдіктердің бөлімдерінің, экология департаменттерінің, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды үлестіру басқармаларының, НПО және т.б. қызметтеріне басшылық ету);
  • педагогикалық қызмет (мектептерде және жоғары оқу орындарында педагогикалық жұмыс; экологиялық білім мен тұрақты дамуға арналған білімді жоспарлау бойынша орта және жоғары білім берудегі оқу-әдістемелік қызмет; экологиялық білім мазмұны бойынша оқытушыларға консультация беру).