6M051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тарих, экономика және құқық факультеті → Экономика және есеп кафедрасы


Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Академиялық дәрежесі: 6М051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, 6М051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: мемлекеттік мекемелерде басқару; жергілікті басқару; әлеуметтік салада басқару; коммерциялық емес ұйымдарда басқару; мемлекеттік органдармен және азаматтармен байланысу лауазымдарында, өзге де ұйымдарда басқару

Кәсіби қызметінің нысаны:

  • мемлекеттік органдар;
  • жергілікті өздік басқару органдары;
  • мемлекеттік мекемелер, бюджеттік ұйымдар;
  • азаматтық қоғам институттары;
  • қоғамдық сектор ұйымдары;
  • коммерциялық емес ұйымдар;
  • халықаралық ұйымдар мен халықаралық басқару органдары;
  • мемлекеттік органдармен және азаматтармен байланысу жөніндегі бөлімшелер, өзге де ұйымдар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • әкімшілік-технологиялық;
  • консультациялық, ақпараттық-аналитикалық;
  • жобалық;
  • ғылыми-зерттеу және педагогикалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны: 

а) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет саласында:

  • қоғам мен мемлекет (қоғамдық қызмет) мүддесінде стратегиялық басқаруды іске асыру, қоғамға маңызды мақсаттарды алға қою, мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдайлар жасау, барынша мүмкін нәтижелерге ие болу үшін жұмыс ұйымдастыру;
  • бюджеттік сектор салаларының, жеке ұйымдардың экономикалық жағдайына талдау жүргізу, даярланатын немесе қабылданған шешімдердің экономикалық салдарын анықтау;
  • кадрлық саясат пен кадрлық аудит жүргізу, ұжым мен ұжымдық жұмыс ұйымын қалыптастыру, кадрлардың еңбегінің нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында кадрларды мотивациялай және дамыта отыра, барынша кадрлық әлеуетті пайдалана білу;
  • жеке мысал негізінде ұйым қызметкерлерінің қызметін жақсарту, үйрене білу және тәжірибе мен жаңа идеяларды, көшбасшылық қасиетін көрсете отыра жұмысты жетілдіре білу, саралы шешім қабылдай білу, осы шешімдердің мақсатқа сай екеніне көз жеткізу және шешімдерді өмірде жүзеге асыру, шешімдерді орындау салдарын бағалау;
  • сыртқы ортамен (өзге мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтармен) өзара байланыс орнату;

б) әкімшілік-технологиялық қызмет саласында:

  • заңнамаларды, нормативтік-құқықтық процедураларды әкімшілік қызметте қолдану, сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, олардың техникалық-экономикалық негізін дайындау;
  • іскерлік үдерістерді оңтайландыру, азаматтармен және сыртқы ұйымдармен іскер тілдесу және құжатпен алмасуды ағылшын тілінде де енгізу;

в) консультациялық және ақпараттық-аналитикалық қызмет саласында:

  • мемлекеттік, коммерциялық емес және шаруа ұйымдарына консультация беру;
  • деректер қорын қалыптастыру, оның толықтығы мен сапасын бағалау, осы деректерді шынайы басқарушылық жағдайларды сараптық бағалау үшін қолдану;
  • мемлекеттік және жергілікті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық мәселелерді шешу кезінде есептеу техникасын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, математикалық және статистикалық әдістерді қолдану;
  • мемлекеттік және муниципалды қызметкерлердің әкімшілік регламенттерін, лауазымдық регламенттерінің жобаларын, ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлеу;

г) жобалық қызмет саласында:

  • ұйымдардың, мекемелердің, жеке салалардың және кәсіпорындардың, аймақтардың (әлеуметтік, экологиялық мәселелерді, қауіпсіздік талаптарының орындалуын есепке алғанда) даму болжамын жасау;
  • федералды, аймақтық және жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу;
  • жобалық талдау әдісін қолдана отыра әлеуметтік және экономикалық бағдарламалардың орындалуын негіздеу және талдау;
  • техникалық-экономикалық негізді әзірлеу және әлеуметтік саладағы инвестициялық жобалардың мүмкін тиімділігін анықтау;

д) ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет саласында:  

  • мемлекеттік және жергілікті басқару мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, маманданудың жеке тақырыптары бойынша шолу мен аналитикалық зерттеулер дайындау;
  • жеке білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындау және мақұлдау, басқа мамандықтарға арналған зерттеулердің нәтижесін ұсыну;
  • заманауи білім беру технологияларын әзірлеу және оларды оқыту барысында пайдалану. жалпы білім беретін мекемелерде, жоғары кәсіби және орта кәсіби білім беретін мекемелерде, сондай-ақ, қосымша кәсіби білім беретін мекемелерде (профильдік бағыттағы магистрлер үшін) экономикалық пәндерді оқыту;
  • жоғары оқу орындарында экономикалық пәндерді оқыту (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер үшін).

 

Учебные результаты 6М051000 Государственное и местное управление