6M050700 Менеджмент

Тарих, экономика және құқық факультеті → "Қаржы және менеджмент" кафедрасы

Академиялық дәрежесі: 6М0507000 "Менеджмент" мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі, 6М0507000 "Менеджмент" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

 

Кәсіби қызметінің саласы:

  • түлектер басқарма аппаратының түрлі қызметтерінде төменгі деңгейдегі жетекшілер немесе орындаушылар ретінде жұмыс істейтін кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы (коммерциялық, коммерциялық емес, мемлекеттік, муниципалдық) ұйымдар;
  • мемлекеттік басқарма органдары;
  • әлеуметтік саладағы мекемелер;
  • түлектер жеке іс құрып, оны дамытушы кәсіпкер болып табылатын құрылымдар;
  • басқарушылық мәселелерді шешумен байланысты ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • жоғары, орташа және қосымша кәсіби білім беру жүйесінің мекемелері.

Кәсіби қызметінің нысандары: қызмет түріне, меншік түріне, қатысушылар категориясына (ҚР резиденттері және резиденттері емес), ұйымдастырушылық-құқықтық формасына байланысты емес ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтер; республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; ғылыми-зерттеу институттары; батауыш кәсіби, орта кәсіби және жоғары кәсіби білім беру мекемелері.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
  • аналитикалық қызмет;
  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • педагогикалық қызмет.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

а) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет саласында:

  • ұйымдарды, бөлімшелерді, қызметкерлер топтарын (командаларын), жобалар мен желілерді басқару;
  • әлеуметтік саладағы мекемелердің даму стратегияларын әзірлеу және оларды жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
  • түрлі сипаттағы әлеуметтік салада жобалар ұйымдастыру үшін жобалар мен белгісіз ортаны еске ала отыра, оларды жүзеге асыру құралдарын әзірлеу;
  • әлеуметтік сала мекемелерінің даму стратегиясының экономикалық және әлеуметтік тиімділігін бағалау;
  • басқарушылық ықпал ету әдістерін анықтау;
  • психологиялық ықпал ету, дауларды конструктивті шешу дағдыларын жүзеге асыру.

б) аналитикалық қызмет саласында:

  • әлеуметтік салада басқарушылық шешімдер даярлау және қабылдау үшін ақпарат іздеу, талдау және бағалау;
  • әлеуметтік саладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға диагностика жасау;
  • ішкі және сыртқы ортаның өзгерістері жағдайында ұйым қызметінің бағыттарын талдау;
  • ұйымдастырушылық даму көздерінің тиімділігін талдау және бағалау;
  • жобалық басқару үдерістерін талдау және модельдеу;

в) ғылыми-зерттеу қызметі саласында:

  • әлеуметтік саладағы өзекті ғылыми мәселелерді айқындау және қалыптастыру;
  • әлеуметтік саладағы ғылыми зерттеулердің бағдарламалары мен әзірлемелерін әзірлеу;
  • жүргізілетін зерттеулердің тақырыптары бойынша ақпарат іздеу, жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу;
  • әлеуметтік саладағы өзекті ғылыми мәселелер бойынша есептер мен ғылыми жарияланымдар даярлау;
  • әлеуметтік саладағы даму үдерістерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық модельдерін әзірлеу, нәтижелерді бағалау және талдап, түсіндіру.

в) педагогикалық қызмет саласында:

  • орта кәсіби оқу орындарында басқарушылық пәндерді оқытуға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • басқарушылық пәндерді оқыту үдерісін қамтамасыз ету үшін оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;
  • заманауи білім беру технологияларын әзірлеу және оларды оқыту барысында пайдалану. жалпы білім беретін мекемелерде, жоғары кәсіби және орта кәсіби білім беретін мекемелерде, сондай-ақ, қосымша кәсіби білім беретін мекемелерде (профильдік бағыттағы магистрлер үшін) экономикалық пәндерді оқыту;
  • жоғары оқу орындарында экономикалық пәндерді оқыту (ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер үшін).