6M061100 Физика және астрономия

Ақпараттық технологиялар факультеті → Физика кафедрасы

Академиялық дәрежесі: жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Кәсіби қызметінің саласы:

  • эксперименталды, теориялық және қолданбалы астрономия және ғарыш физикасы саласы, жапсарлас жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы;
  • білім, орта оқу орындарында физика мен астрономияны оқыту педагогикасы, теориясы және әдістемесі.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, конструкторлық және жобалық бюролар мен фирмалар;
  • мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, мемлекеттік емес білім беру ұйымдары;
  • өндірістік кәсіпорындар мен бірлестіктер.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-тәжірибелік қызмет:
    • тиісті ғылыми зерттеу әдістерін таңдау, жаңа әдістер, теориялар мен модельдер меңгеру және әзірлеу;
    • астрономиялық және ғарыш физикасының құбылыстары мен процестерін теориялық және эксперименталды оқу;
    • ғылыми зерттеу нәтижелерін заманауи деңгейде өңдеу және оларды талдау;
    • зерттеу нәтижелерін тәжірибелік міндеттерді шешуге қосу;
    • құрылғылар, аспартар және құрал-жабдықтар жобалау және жасау;
    • ғылыми мақалалар жазу және жариялау, ғылыми конференцияларға ғылыми есептер мен баяндамалар дайындау.
  • педагогикалық:
    • орта және жоғары оқу орындарында физика және астрономиядан сабақтар жүргізу;
    • физика мен астронмияны оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын, оқу-әдістемелік құжаттама әзірлеу.

Учебные результаты 6М061100 Физика и астрономия