6M072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті → "Химия және химиялық технология" кафедрасы


Мамандырылған халықаралық аккредиттеу туралы куәлік

Академиялық дәрежесі: 6M072100  Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша техника және технология магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: мұнай өңдеу, мұнай химиясы, полимерлерді өңдеу салалары, геология, гидрология, тау өнеркәсібі, ғылым және білім.

Кәсіби қызметінің нысандары: органикалық заттар өндіру, мұнай, газ, көмір және полимерлер, эластомерлер, лакпен боялған материалдар, дәрілер, қатты және сұйық ракета отындарын өңдеу, көмірсутек шикізатын дайындау, өндіру және тасымалдауе және оларды рационалды пайдалану жөніндегі кәсіпорындар; ғылыми-зерттеу және жобалау салалық институттары; жоғары оқу орындары; қорғаныс кәсіпорындары; тау-кен өндірісінің салалары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • өндірістік-басқарушылық;
  • жобалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру, педагогикалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • өндірістік-технологиялық қызмет: органикалық заттар мен материалдар өндіруде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға кіріс бақылау ұйымдастыру және жүргізу; шығыс шикізаттың құрамы мен қасиеттерін, аралық өнімдерді бағалау; жабдық, шикізат, қосымша материалдарды пайдаланудың жоғары тиімділігін бақылау және қамтамасыз ету; органикалық заттар мен материалдар, мұнай, газ, көмір, полимерлер, эластомерлер, өсімдік шикізатын өндіру және өңдеу бойынша процестердің, технологиялық желілердің жұмыс істеу тиімділігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; технологиялық процестер мен жабдықтың жағдайы мен динамикасына сараптама және диагностика жүргізу;
  • жобалық: органикалық заттар мен материалдар өндіруде жобалық-сметалық құжаттама, технологиялық регламенттер, технологиялық процестер, желілер, жабдықтар жобалау үшін техникалық тапсырмала әзірлеу; технологиялық схеманың альтернативті нұсқаларын талдау және бағалау;
  • ғылыми-зерттеу қызметі: жаңа химиялық технологиялар, процестер әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жүргізу; іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: қолданыстағы өндіріс жағдайында ұжымның тиімді жұмыс істеуін ұйымдастыру; өндірістің технико-экономикалық талдауын жүргізу; басқарушылық шешімдер қабылдау және жүзеге асыру.

Учебные результаты 6М072100 Химическая технология органических веществ