6M073200 Стандарттау және сертификаттау

Инженерлік-техникалық факультеті → Көлік және машина жасау кафедрасы

Академиялық дәрежесі: бейінді магистратура үшін - техника және технология магистрі, ғылыми және педагогикалық бағыт үшін - техника ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы:

бейінді даярлау үшін - кәсіпорында (ұйымда) тиісті бөлімшенің жетекшісі (мысалы, стандарттау бөлімі немесе қызметі, метрология бөлімі немесе қызметі, сертификаттау бөлімі немесе қызметі, сапа бөлімі немесе қызметі және т.б.); стандарттау және сертификаттау саласындағы мемлекеттік органдардың бөлімдерінің бастығы, маманы, аға маманы;

ғылыми және педагогикалық даярлау үшін - жобалық-іздестіру, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер; жоғары (орта арнайы) оқу орындарында оқытушы.

Кәсіби қызметінің нысандары:

бейінді даярлау үшін - басқару органдары, кәсіпорындар, өнімге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) жабдықтарына, өлшеу әдістері мен құралдарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттамаға, техникалық реттеу жүйелері мен метрологияға, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға және пайдалануға тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік үлгісінің ұйымдары;

ғылыми және педагогикалық даярлау үшін - мемлекеттік басқару органдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары, өнімге (қызметтерге), процестерге (жұмыстарға), кәсіпорындар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) жабдықтарына, өлшеу әдістері мен құралдарына, сынақтар мен бақылауға, нормативтік құжаттамаға, техникалық реттеу жүйелері мен метрологияға, өндірістік, әлеуметтік және экологиялық қызметті метрологиялық қамтамасыз етуге, өлшеу техникасын жобалауға, дайындауға және пайдалануға тікелей қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік үлгісінің ұйымдары.

Кәсіби қызметінің түрлері:

бейінді даярлау үшін:

  • жобалық-іздестірушілік;
  • жобалық-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

ғылыми және педагогикалық даярлау үшін:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • жобалық-іздестірушілік;
  • жобалық-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

.

ғылыми және педагогикалық даярлау үшін: өндірістік-технологиялық, жобалық-конструкторлық, эксперименталды-зерттеу, ұйымдастырушылық-экономикалық, педагогикалық, оқу-әдістемелік, тәрбиелік және басқарушылық қызметтің құралдарын, әдіс-тәсілдерін жиынтықтау.

Учебные результаты 6М073200 Стандартизация и сертификация