6M011800 Орыс тілі мен әдебиеті

Тіл және әдебиет институтыОрыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

Академиялық дәрежесі:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - 6М011800 "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі;
  • бейінді бағыт бойынша - 6М011800 "Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша білім магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: ғылым мен білім саласында кәсіби қызмет.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - жоғары оқу орындары, орта мектептер (оған қоса, гимназиялар, лицейлер), орта арнайы оқу орындары (колледждер, техникумдар, училища), ғылыми-зерттеу институттары;
  • бейінді бағыт бойынша - орта мектептер (оған қоса, гимназиялар, лицейлер); гуманитарлық бейінді орта арнайы оқу орындары (колледждер, училища), мемлекеттік және мемлекеттік емес бейіндегі ұйымдар мен мекемелер.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша - ғылыми және педагогикалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми, консультациялық, мәдени-ұйымдастырушылық кәсіби қызмет;
  • бейінді бағыт бойынша - педагогикалық, мәдени-білім беру, басқарушылық, өндірістік-технологиялық кәсіби қызмет.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

кәсіби қызметте ғылыми тану әдістерін қолдану, гуманитарлық ғылымдардың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелерінің баяндалуын қамтамасыз ету, филология циклінің түрлі пәндері шеңберінде алынған білімді оқу үдерісіне енгізу, педагогикалық үдерісті сапалы түрде ұйымдастыру, жоғары оқу орындарында, орта мектепте (оған қоса гимназияларда, лицейлерде), орта арнайы оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу, әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдану, тұлғаға бағдарлы оқу моделін жасау, танымдық қызмет жолдарын белсенді түрде меңгерілуін басқару, заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отыра ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу.

Учебные результаты 6М011800 Русский язык и литература