6M060700 Биология

Жаратылыстану ғылымдары және спорт факультеті → Жалпы биология кафедрасы

Академиялық дәрежесі: "Биология" мамандығы бойынша жаратылыстану магистрі

Кәсіби қызметінің саласы: ғылыми және педагогикалық

Кәсіби қызметінің нысаны: жоғары оқу орындары, колледждер, гимназиялар, ғылыми-зерттеу институттары, қорықтар, зоосаябақтар, өсімдіктерді қорғау ұйымдары, санитарлық-эпидемиологиялық және обамен күресетін бекеттер, селекциялық және сұрыпты сынау бекеттері, ботаникалық бақтар, дендрарийлар, табиғат мұражайлары; ғылыми-өндірістік, жобалық және геоботаникалық мекемелер; аудандық және облыстық әкімдік жанындағы экология басқармалары мен бөлімдері; салалық зертханалар, бөлімшелер, секциялар, секторлар, республикалық табиғат қорғау ведомстволарының департаменттері; ғылыми-зерттеу, өндірістік, медициналық, ауыл шаруашылық, фармацевтикалық, әкімшілік, сараптық, табиғатты қорғау мекемелері және т.б.

Кәсіби қызметінің түрі:

  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық;
  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • сараптық;
  • жобалық;
  • әдістемелік.

Негізгі құзыреттері:

хабардар болу: әлемде және Қазақстанда биология ғылымының даму жағдайы туралы; Қазақстанның биологиялық ғылыми мектептері туралы; әлемде ғылым мен инновациялардың рөлі; нарықтық экономика мен менеджменттің негізгі заңдары туралы; қазақстандық экономиканы инновациялық дамыту міндеттері, ұстанымдары және механизмдері туралы; жоғары мектеп педагогикасының замануи әдіснамасы туралы; психология ғылымының жетістіктері туралы; өзінің әлеуметтік, кәсіби рөлін сезіну;

білу: мамандану шеңберінде іргелі ғылымдар негізі; тірі ағзалардың (микроағзалар, өсімдіктер, жануарлар) өмір әрекеті үдерістерінің маңызы, механизмдері және заңдылығы; замануи биологияның негізгі жетістіктері және даму үрдістері; заманауи зертханалық және өндірістік жабдықтардың құралдары және жұмыс істеу ұстанымдары; тірі ағзалардың маңызды қосылыстарын талдау әдістері және олардың өмір әрекетінің үдерістерін зерттеу әдістері; биологтың кәсіби және ғылыми қызметінің технологиялары; кәсіби және ғылыми әдеп негізгі ережелері және оларды еңбек қызметінде пайдалану; өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін білу және сақтау және басқалардан да талап ету; мамандық тілін еркін меңгеру деңгейінде біреуден кем емес тіл білу; педагогика және психология негіздері; менеджмент және ұжымның ғылыми қызметін уәждеу негіздері;

іскерлік: өзінің кәсіби, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметін, сонымен қатар ұжымның қызметін жобалау және іске асыру; өзінің кәсіби және ғылыми қызметінің нәтижелерін болжау; оның нәтижелерін бақылау және әділ бағалау; кәсіби және ғылыми шешімдерге деген жауапкершілікті өз мойнына алу; бірлескен ғылыми қызмет атқару; өзінің әрі қарай кәсіби тұрғыда дамуын жобалау; тұлғалық және кәсіби сиықсыздыққа төтеп беру; өзін-өзі жүзеге асыру, ұйымдастыру және сауықтыру тәсілдерін білу;

дағдылар: ғылыми жобалық қызмет; стандарттық және кәсіби мәселелерді шешу; ғылыми және сыни тұрғысынан ойлау, ораторлық шеберлік; өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі логика тұрғысынан білдіру; ақпараттық және білім беру технологиялары негізінде өз білімін тереңдету; ақпарат пен креативті шешімдер табу; қызметінің кәсіби және тұлғалық тәжірибесін көкейкесті ету;

білікті болу: кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде; ғылыми мәселелерді шешуде; кәсіби тілдесуде және мәдени аралық қарым-қатынаста; ақпарат іздеу мәселелерін шешуде; тұлғалық және кәсіби тұрғыда дамуға дайын болу.