Сәлеметсіз бе,
Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері, ҰБТ-ға қатыспаған, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
• Арнайы бланкке жазылған өтініш;
• Білімі туралы құжат (түпнұсқа);
• Жеңілдіктерге құқық берілетін құжат;
• 2 Фотосурет 3х4;
• Тестілеу үшін төленген төлемақы түбіртегі;
• 086У медициналық анықтамасы ;
• Жеке куәліктің көшірмесі.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін жазылған өтініштерді маусымның 20 мен шілденің 9 аралығында қабылданады. Кешенді тестілеу шілденің 17 - 23 күндері өтеді.