Лауазымға қойылатын талаптар: Жоғары техникалық және /немесе кәсіптік, тиісті мамандық (біліктілік) бойынша білімі және шаруашылық қызмет көрсету бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Әкімшілік-шаруашылық жұмыс бойынша басшылық лауазымдардағы тәжірибе құпталады.
Лауазымдық міндеттері: университетті немесе оның бөлімшелерін жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады; шаруашылық Мүкәммалдың сақталуын, оны қалпына келтіруді және толықтыруды, сондай-ақ үй-жайлар мен оған іргелес аумақта тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді; үй-жайлардың жай-күйін бақылайды және оларды уақтылы жөндеу бойынша шаралар қабылдайды; қызметкерлерді кеңсе керек-жарақтарымен және шаруашылық тұрмыстық заттармен қамтамасыз етеді;; қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі тәртіпті, өндірістік санитарияны және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын және басқа да міндеттерді қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
- ұйымға шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер;
- қызмет көрсетуші персоналдың еңбегін механикаландыру құралдары;
- үй-жайларды пайдалану тәртібі;
- экономика, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару негіздері.;
- еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет.
Телефон: 8 (7152) 369468.