Лауазымға қойылатын талаптар – Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- академиялық ұтқырлық және интернационалдандыру саласында құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру және жоспарлау;
- ЖОО-ның білім беру, ғылыми және тәрбие қызметі саласында халықаралық ынтымақтастық үшін шетелдік әріптестерді іздеу бойынша жұмысқа басшылық ету;
- университетке шетелдік мамандарды (топ-менеджерлерді) іздеу, іріктеу және тарту бойынша жалпы жоспарлауды жүзеге асыру;
- шетелдік жеке және заңды тұлғалармен өзара тиімді байланыстар орнату мен қолдауды қамтамасыз ету;
- халықаралық шарттар мен келісімдерді іске асыру шеңберінде жоспарларды, бағдарламаларды, жол карталарын әзірлеу бойынша университет арасындағы екі жақты келісімдер мен шарттарды дайындау бойынша жұмысқа басшылық жасау және басқа да міндеттер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады. Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Пушкин көшесі, 86, № 2 корпус, № 219 кабинет.
Телефон: 8 (7152) 369468.