6M071600 Аспап жасау

Инженерлік және сандық технологиялар факультеті → Энергетика және радиоэлектроника кафедрасы

Академиялық дәрежесі: бейінді магистратура үшін - техника және технология магистрі, ғылыми және педагогикалық бағыт үшін - 6М071600 Аспап жасау мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі.

Кәсіби қызметінің саласы: аспап жасау саласында жүйені зерттеу, әзірлеу, енгізу; білім беру мекемелеріндегі ғылыми, педагогикалық және басқарушылық қызмет.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы үшін терең ғылыми және педагогикалық дайындыққа ие кадрлар даярлау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • таңдаулы ғылым бағыты бойынша терең теориялық және тәжірибелік дайындау;
  • өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, барлық белсенді тіршілік әрекеті барысында өздігінен шығармашылық тұрғыда жаңа білім игеру қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру;
  • кәсіби мәдениет, кәсіптік тілдесу мәдениетінің жоғары деңгейіне ие, азаматтық ұстанымы бар, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешуге қабілетті, жоғары оқу орындарында сабақ жүргізе алатын, зерттеу және басқару қызметін табысты іске асыра алатын мамандар даярлау;
  • ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және өткізу дағдыларын меңгеру.

Магистр:

  • техникалық құралдардың даму деңгейі, ғылыми жетістіктер, халықаралық ғылыми форумдар жайлы хабардар болуы;
  • аспап жасаудың теориялық негіздерін, күрделі техникалық құралдар мен жүйелер құру әдістерін, зерттеу әдістері мен аспап жасау саласындағы соңғы жетістіктерді білуі;
  • ғылыми зерттеулердің міндеттерін белгілей, күрделі электронды құралдар мен жүйелер әзірлей және жобалай алуы;
  • аспап жасау саласында мамандық бойынша кәсіби қызметте білікті болуы тиіс.

Кәсіби қызметінің нысандары:

  • әскери-өндірістік индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналдық шаруашылық, медицина, білім беру және тұтыну салаларын қоса алғанда барлық саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар, жлбалау ұйымдары, түрлі меншік үлгісінің фирмалары;
  • аспап жасау саласында ғылыми-зерттеу қызметін;
  • аспап жасау саласында ғылыми-педагогикалық қызметті (ғылыми және педагогикалық даярлау үшін) іске асыратын кәсіпорындар мен ұйымдар.

Кәсіби қызметінің түрлері:

  • ұйымдастырушылық-технологиялық;
  • есептік-жобалық;
  • сервистік-эксплуатациялық;
  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • педагогикалық (ғылыми және педагогикалық даярлау үшін);
  • жобалық.

Кәсіби қызметінің мазмұны:

  • жобалық және есептік-жобалық қызмет:
    • жобалау стратегиясын әзірлеу, жобалау мақсаттарын, тиімділік критерийлерін, қолдану шектеулерін анықтау;
    • электронды құралдар мен жүйелерді концептуалды жобалау;
    • жүйелік инженерия әдіснамасы негізінде электронды жүйелердің құрамдас бөлшектерін жобалауға тапсырмалар дайындау;
    • автоматтандырылған жобалау құралдарын таңдау және тәжірибеге енгізу;
    • жобалық шешімдерді сәйкестендіру және типтеу.
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:
    • әзірлеуші және тапсырыс беруші ұжымдарының өзара әрекеттесуін ұйымдастыру, түрлі пікірлер жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау;
    • ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалау кезінде түрлі талаптар (орындау құны, сапасы, мерзімі) арасында мәмілеге келу, оңтайлы шешімдер табу;
  • эксперименталды-зерттеу қызметі:
    • зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетел тәжірибесін, ғылыми-техникалық ақпарат жинау, талдау;
    • түрлі саладағы кәсіби қызмет объектілерінің теориялық және эксперименталды модельдерін әзірлеу және зерттеу;
    • объектілердің жұмыс істеу процестерінің сапасын болжау және оңтайландыру, талдау, синтездеу әдістемелерін әзірлеу және зерттеу;
    • автоматтандырылған жобалаудың стандартты пакеттері және зерттеулер негізінде үдерістер мен объектілерді үлгілеу;
    • белгілі әдістеме бойынша эксперимент қою және өткізу, нәтижелерді талдау;
    • эксперимент нәтижелерін талдау, шолу, есептер және ғылыми жарияланымдар әзірлеу және жасау;
    • электронды жүйелер мен технологиялардың дамуын болжау;
  • педагогикалық қызмет (ғылыми және педагогикалық даярлау үшін):
    • түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде бағыт пәндері бойынша педагогикалық жұмыс орындау;
    • лабораториялық және зерттеу кешендерін әзірлеу;
    • оқу үдерісін әдістемелік қолдау;
  • өндірістік-технологиялық қызмет:
    • өндірісте ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау, енгізу және қадағалау үдерістерін авторлық бақылау.