5В071600 Аспап жасау

Инженерлік-техникалық факультетЭнергетика және радиоэлектроника кафедрасы

Академиялық дәреже: 5В071600 «Аспап жасау» мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры.

Кәсіби қызмет өрісі: өндіріс, әскери-өнеркәсіптік индустриямен бірге барлық салалар, көлік және байланыс, коммуналдық және ауыл шаруашылығы, медицина, білім беру мен тұтыну салалары.

Кәсіби қызмет объектілері: әскери-өнеркәсіптік индустрия, көлік және байланыс, ауыл және коммуналды шаруашылық, медицина, тұтыну мен білім беру салалары, жобалау ұйымдары, түрлі меншік түріндегі фирмалар.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • есептік-жобалау;
  • өндірістік-технологиялық;
  • эксперименталды-зерттеу;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • білім беру (педагогикалық).

Кәсіби қызметінің мазмұны: өндірістік-технологиялық, жобалық- конструкторлық, тәжірибелік- зерттеу, ұйымдастырушылық- экономикалық және басқару қызметі, сонымен қатар жобалаудың заманауи әдістерін қолдану негізінде машина жасаудың бәсекелестікке қабілетті өнімдерін жасауға бағытталған есептік- жобалау құралдарының, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

5В071600 «Аспап жасау» мамандығының үлгілік оқу жоспары, 2013ж.