Кітапхананы пайдалану ережелері

  • Оқырмандарды кітапханаға жазу оқырманның арнаулы оқу орнына қатыстылығын білдіретін құжат: оқушылар – студенттік билет, оқытушылар, қызметкерлер мен оқырмандардың басқа категориялары үшін – төлқұжат немесе қызмет куәлігі өлшемді бір көрсетуі бойынша жүргізіледі.

  • Оқырманға кітапхананы пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай оқырман билетін беріліп, оқырман формуляры толтырылады. Кітапханаға жазылар кезде оқырман оның қағидаларымен танысып, оны орындау жөніндегі міндеттемесін оқырман формулярына қол қоюымен растайды

  • Оқырман билетінің қолданылу мерзімі – бір жыл. Курс аяқталғаннан кейін оқырмандар кету қағазын толтыру арқылы, оқырман билетін ұзартады.

  • Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін кітапханаға қайтарады.

  • Кітаптарды, басқа баспасөз туындылары мен материалдарды алар кезде оқырмандар басылымды мұқият тексеріп шығады. Қандайда бір ақау табылған жағдайда ол жөнінде кезекші кітапханашыға мәлімдейді. Олай болмаган жағдайды кіиапты бүлдіргені үшін басылымды соңғы пайдаланған оқырман жауап береді.

  • Пайдалану қағидасын бұзған немесе кітапханаға зиян келтірген оқырмандар қолданылып жүрген заңдарда, кітапхана жарғысы мен оны пайдалану қағидасында көзделген нысанда әкімшілік, заттық немесе қылмыстық жауапқа тартылады. Кітапхана қорынан алынған кітаптарды, басқа да баспасөз туындылары мен иатериалдарды жоғалтқан немесе оған орны толмас зиян келтірген кәмелетке толмаған оқырмандар үшін жауапкершілікті оны қадағалаушы ата-анасы, асыраушысы тартады.

  • Басылымды жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырман оны дәл осындай басылыммен немесе оның көшірмесімен, немесе кітапхана бұны бірдей деп тапқан басылыммен алмастырады, ал алмастыру мүмкін болмаған жағдайда оның шынайы нарықтық құнын өтеді Оқушыдан жоғалған кітаптың құнын өндіріп алуды білім беру ұйымының директоры білгілейді.

    Абонементті пайдалану қағидалары

    Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге:

  • қоғамдық ғылымдар жөніндегі әдебиет кітап санын бір оқу жылына;

  • оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде міндетті қайта тіркеуген өткізіліп тиісті пәнді оқу мерзіміне;

  • ғылыми және арнаулы әдебиет – 2-3 кітаптан – 2 аптаға.

  • көркем әдебиет – 1-2 кітаптан – 10 күнге.

  • Оқырман алынғаг әрбір дана үшін кітап немесе оқырман формулярында қол қояды. Кітаптарды қайтарғанда оқырман қолы кітапханашы қолымен өшіріледі.

  • Сырттай оқитын оқушылар қажетті әдебиетпен сессияаралық кезінде қамтамасыз етіледі.

    Оқу залын пайдалану қағидалары

  • Оқу залында кітап беру оқырман билеті бойынша жүргізіледі.

  • Кітап беру оқырманның әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюымен толтырылады.

  • Оқу залына жеке және кітапхана кітаптарымен, газет – журналдарымен және басқа да баспа басылымдарының кесіділерімен кіруге болмайды.

  • Әдебиетті оқу залынан шығаруға тыйым салынады. Осы қағмданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

    Оқырманның құқықтары мен міндеттері

    Оқырмандардың мынаған құқығы бар:

  • кітапхана көрсететін кітапхана-ақпарат қызметінің негізгі түрлерін тегін пайдалануға;

  • ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда кеңесшілік қызмет алуға;

  • кітапханада электронды каталогы мен Интернет пен басқа да ақпаратты қызметтерімен пайдалана алады.

    Оқырмандар мынаған міндетті:

  • әдебиет алу үшін оқырман билетін көрсетіп, кітап немесе оқырман формулярында алынған әрбір басылым үшін қол қоюға;

  • кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;

  • кітапханадан алған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.

    Оқырманға мыналар рұқсат етілмейді:

  • кітапханаға сыпт киіммен кіру;

  • оқу залына сөмкемен кіру;

  • кітапхана бөлмелерінде тыныштық пен тәртіп бұзу;

  • кітапханадан өзі қол қоймаған кітаптар алып шығу;

  • кітапхана басылымдарын бүлдіру (оған белгі салу, сызу, парақтарын жыртып, мұқабасын мыжу) ;

  • картотекалар мен каталогтерден кәртішкелер шығарып алу;

  • қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіру.

    Кітапхананың құқықтары мен міндеттері

    Кітапхананың мынаған құқығы бар:

  • Берілген кітаптардың кітапханаға қайтарылуы үнемі бақылауға;

  • Оқырмандардан жоғалтқан немесе бүлінген басылымдардың шынайы нарықтық құнын өндіруге, ал жоғалтқан немесе бүлінген басылымдарды алмастырудан бас тартқан жағдайда, оқырманнан сол басылымның шынайы нарықтық құнынан мөлшерде өндіріп алу мақсатымен сот орындарына жібереді.

  • ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА ЗАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

    Электронды кітапхана залын NKZU NET желісінде пайдаланушы карта иегерлері, студенттер, аспиранттар, университет қызметкерлері бола алады.

    Жұмыс алдында электронды кітапхана залын пайдалану ережелерімен танысу қажет. Орындалмаған нақты талаптар көрсетілген Ережені бұзу жауапкершілігінен босатылмайды.

    Пайдаланушы құқығы:

  • кітапхана кешенінің электронды қорын пайдалану;

  • жұмысты Интернет ақпараттық қорымен жүзеге асыру;

  • интернет және кітапхана кешені қорынан алынған ақпараттарды; тасмалдағыштарға (диск, флеш-карта) көшіріп жазу;

  • электронды кітапханада зал кітапханашысынан кітапхана кешенінің электронды қорымен пайдалану кезінде қажетті ақпарат алу.

    Пайдаланушы міндеті:

  • интернет және кітапхана кешеніқорын тек ғана ғылым және білім мақсатында пайдалану;

  • университеттінің кітапхана кешенін пайдалану Ережелерін сақтау;

  • электронды кітапхана залының қорына кірген кезде NKZU NET желісінде пайдаланушы картасын көрсету;

  • құралдардың, бағдарламалардың істен шығуын және мүлікке зақым келуін бірден электронды кітапхана залындағы кітапханашыға хабарлау.

    Пайдаланушыға тыйым салынады:

  • бағдарламамен қамтамасыз ету немесе жұмыс істеу тәртібін бұзуға бағытталған іс әрекет қолдану;

  • жұмыс орнында қамтылмаған бағдарламаларға және файлдық жүйелерге өзгертулер енгізу;

  • интернет желісінің көмегімен алынған бағдарламаларды, CD-ROM және тасмалдағыштарға жіберу;

  • интернет және электронды кітапхана залының қорын әр түрін коммерция істері үшін пайдалану;

  • интернет Real Video/Audio, Chat, ICQ, ойындар және т.б ақпарат қорын пайдалану;

  • электронды пошта, анег қызметтерін пайдалану;

  • жұмыс орнында бір пайдаланушыдан артық болу;

  • жүйеге бір пайдаланушыдан артық ену;

  • электронды кітапхана залында сусын және тағам қолдану;

  • электронды кітапхана залынан электронды қор жинағын шығару.